Менікі де емес бұл өлең, онікі де... Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы... 25 ақпан 2014, 15:28 Бүгін менің туған күнім. Ой, бәле-ай! Мына адамдар неге жатыр тойлап-ай?! Банкет жасау керек дейді неліктен, Тағы да бір жыл кеткенін ойламай. Мына дүние аяңдайды үндемей. Неғып жатыр ел шындықты үрлемей?.. «Тағы да бір жасқа өзің қартайдың, Жылжып өтіп кетті тағы жыл»,- демей. Мына жұртқа ұнады ма әлденем?! Аз цинизм көрсеттім бе әлде мен? «Қуанбаңдар, жыл өтсе егер» дегенді Түсіндіре алмадым ба әуремен?! Айтпаймын деп құпиямды, сырымды, Басқа арнаға бұрып жүрем жырымды. Мен, бәрібір, өзімменен өзіммін, Құшағыңа алсаң-дағы ұлыңды. … Тойлай берсін, тойыма ортақ етейін. Ренжімей-ақ, «рахмет» деумен өтейін. Қаламымды берші… Өзім аламын, Әлі бойдақ екенмін ғой, нетейін?.. Әрі қарай